Кибералаяқтыққа қатысты 317 қылмыс тіркелген

43
23.06.2025 20:12

Алаяққа алданғандар көп. Жыл басынан бері Түркістан облысында 317 кибер алаяқтық қылмысы тіркелді. Қитұрқы іске барғандар өзге қалада отырып-ақ тұрғындардың қаржысын жымқырған. Бұл туралы Қаржылық сауаттылық: алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары аясында өткен брифингте айтылды. Құқық қорғау органдарының сөзінше, Астана қаласында тұратын Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 13 күдікті тұлға қамауға алынды. Олардың 200-ден астам қылмысқа қатысты бар екені анықталған. Сондай-ақ айлакерлер арасында замануи технологияларды пайдаланып адамдардың сеніміне кіру фактілерді жиілеген.