Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында тарихи Иқан қалашығы бар. Мәдени мұралар тізіміне енген құнды археологиялық нысанда үш жылдан бері заңсыз қазба және құрылыс жұмыстары жүріп жатса керек. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 26 және 30-баптарына сәйкес, мұндай нысандарда құрылыс жүргізу немесе жерді игеру заңмен қатаң шектеледі. Алайда жауапты органдар бұл әрекетке нақты тосқауыл қоймай отыр. Жолданған хаттар мен сот процесі де нәтиже берген жоқ.