Құрылыс заттарын шығаратын ірі компания Түркістанда зауыт ашуға ниетті. Цемент өндіретін «Хайдельберг Материалз Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Михаил Доков Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Жиында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы шикізат орындарын тиімді пайдалану, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мәселелері сөз болды.