Түркістан
EN

Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті

171
28.02.2022

Дариға Назарбаева мәжілістен кетті. Енді ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоймақ. Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты. Сондай-ақ, барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға шақырды. Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында оның коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны хабарланса, кейіннен жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтылған болатын.