Биыл Түркістан облысындағы 34 елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі. Ол үшін тиісті қаражат бөлінген. Тағы 16 ауылға табиғи отын келер жылы тартылады. Жоспарға сәйкес 2027 жылға дейін газға қосылған ауылдар санын 765-ке жеткізу көзделіп отыр. Өкінішке қарай, аймақтағы 42 ауыл шалғайда орналасқан. Оған қоса халық саны да тым аз әрі экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан бұл ауылдарға газ құбырлары тартылмайды. Бүгінде Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Сауран, Ордабасы аудандарында табиғи газбен қамту деңгейі төмен. Ал, Созақ ауданында мүлдем газ жоқ.