Түркістан облысында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылыс мәселелері талқыланды. Мақтаарал ауданындағы "Атамекен" кеден бекеті маңында салынатын орталыққа қажетті инфрақұрылым тарту – басты назарда. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтті. Орталық іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнестің дамуына жол ашылады. Сонымен қатар, логистикалық әлеует артып, Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыс күшеймек. Жиында басқарма басшылары инфрақұрылым мен инвестициялық жобалар жайында есеп берді