Түркістан
EN

Туроператорлар бизнес кездесу өткізді

110
20.06.2025

 Түркістан облысы мен Самарқандтық туроператорлар Шымкентте бас қосты. Өзбекстан мемлекетінен келген туризм саласының мамандары жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, келіссөздер жүргізді. Алдағы уақытта Самарқандтық делегация киелі шаһарға да келеді. Түркістанның  тарихи-мәдени нысандарын, инфрақұрылымдық және жаңа туристік бағыттарды аралап көрмек.  Сондай ақ, мұнда туризм саласының мамандарымен іскерлік кездесу өткізіп, жаңа жобаларды талқылайды.  Осы арқылы екі ел арасындағы әріптестік нығайып,  тың бастамалар жүзеге асырылмақ.