Түркістан
EN

Қазақстан мен Әзербайжанның әскери-теңіз жаттығулары өтті

123
20.06.2025

 «Каспий самалы-2025». Ақтауда осындай атаумен Қазақстан мен Әзербайжанның әскери-теңіз жаттығулары өтті. Шара Қазақстан Қарулы күштері әскери-теңіз базасының пирстерінде ұйымдастырылды. Оған Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы мен екі елдің әскери қызметшілері қатысты. Қатысушылар бірлескен маневр жасау элементтерін, іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету мәселелерін пысықтады.  Жаттығу қорытындысы бойынша қос мемлекеттің үздік әскери теңізшілеріне құрмет кубоктары табысталды.