Түркістан
EN

Әкімшілік істер бойынша білім саласына қатысты дауларды азайту мәселесі талқыланды

62
20.06.2025

Түркістанда әкімшілік істер бойынша білім саласына қатысты дауларды азайту мәселесі талқыланды. Ондағы мақсат - әкімшілік сот өндірісінде білім беру саласындағы даулардың алдын алу және азайту. Кездесуге облыс прокуратурасының басқарма прокурорының басшысы, адвокаттар мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Жиында білім беру мекемелеріндегі бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібінің сақталуы, мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтау мәселесі сөз болды. Сондай-ақ оқушыларды іс-сапарға, лагерге жіберу мен тамақтандыру тәртіптері қаралды. Баяндамашылар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.