Түркістан
EN

Павлодарда қатты дауыл салдарынан бір адам қаза тапты

77
20.06.2025

 Павлодар облысында дүлей дауыл болып, салдарынан бір әйел қаза тапты. Сондай -ақ, 16 тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Оның үшеуі бала. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі  47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келген. Атап айтқанда, Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауылда- 7 нысан, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді. Сонымен қатар,  электр қуаты сөніп, инфрақұрылымға да  айтарлықтай зиян келген. Қазіргі таңда табиғи апаттың салдарын жою үшін  300-ден астам қызметкер мен 103 арнайы техника жұмылдырылған.