Түркістанда айтулы мәдени оқиға болды. Қазақ ән өнерінің бұлбұлы, Қазақстанның халық әртісі – Роза Рымбаева киелі шаһардың төрінде «Түркістан» атты жеке концертін өткізді! Кеш Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылды. Оған негіз де жоқ емес, әйгілі композитор Сейдолла Байтерековтің «Түркістан» әні талай жылдан әншінің репертуарынан түспей келе жатыр. Роза Рымбаева көне шаһардың жеті жылдағы дамуына сүйсініс білдіріп, оның болашағы зор екеніне тоқталды.