Ресейге 1 күнде 39 млрд. доллар шығын келген. Еуроодақ басшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы келісімге келіп, Урсула фон дер Лейен Украинаға басып кіру Еуропадағы бейбітшілік тәртібіне күмән келтіретінін мәлімдеді. Еуроодақ Кремльді өз әрекеттері үшін жауапқа тартылатынын жеткізіп, санкциялар ресейлік элитаға барынша әсер ететінін айтты. Батыс одақтастарымен бірлесіп әзірленген пакет ресейлік банк нарығының 70% және негізгі мемлекеттік компанияларды, соның ішінде қорғаныс компанияларын нысанаға алуды қамтиды.