Түлкібас ауданында заманауи медиа студия ашылды. Аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы жанынан орын тепкен орталыққа жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың есімі берілді. Cалтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, облыстық Журналистер одағы филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов, аймаққа танымал журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Медиа кеңістікке жаңа леп берер орталық соңғы үлгідегі техникамен, жоғары сапалы дыбыс жазу құрылғыларымен және арнайы студиялық жабдықтармен жабдықталған.