Түркістан
EN

Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөнінде өңірлік штабтар құруды тапсырды

2
20.06.2025

Вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құру қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша өткен кеңесте Үкіметке осындай тапсырма берді. Жиында еліміз бойынша, сондай-ақ су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы талқыланды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.