Түркістандықтар салық органдарына 1 млрд теңге қарыз. Нақтырақ айтсақ, киелі шаһар тұрғындарының 40 мыңы мүлік, 70 мыңға жуығы көлік салығынан жалтарып жүр. Түркістан қаласының кірістер департементі аталған азаматтарды салық берешектерін төлеуге шақырады, керісінше жағдайда оларға қатысты қатаң шаралар қабылданатынан ескертеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында салықты салық мамандарына қолма-қол бермей, ҚазПошта кассалары, Е-Салық Азамат пен каспи қосымшалары арқылы төлеуді ұсынып отыр.