Бюджетті шағын топпен жоспарлауды қою керек. Осылай деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қаржы министрі Мәди Тәкиевке бюджетті жоспарлаудың ашық форматын ойлап табуды тапсырды. 2024 жылғы бюджеттің игерілуі туралы есепті талқылаған сенаторлар бір рет бекітілген бюджетті қайта-қайта өзгерту белең алып отырғанына наразылық білдірді. Айта кетейік, 2024 жылы ел бюджеті 13 рет өзгертілген.