Түркістан
EN

Келес ауданында қуаңшылыққа байланысты жағдай бақылауға алынған

68
18.06.2025

Келес ауданында қуаңшылық салдарынан мал шығыны болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы аудан әкімдігі ресми түсініктеме берді. Мамандардың мәліметінше, биылғы маусымда жауын-шашын мөлшері жылдағыдан аз болғанымен, бұл – өңірге тән климаттық құбылыс. Қазіргі таңда аудан аумағында малдың қырылуы тіркелмеген. Барлық ветеринариялық бақылау жоспарлы жүргізіліп келеді.