Түркістанда екі бірдей маңызды медициналық нысан салынып жатыр. Бірінші нысан – «Ана мен бала» орталығы. Бұл 80 төсек-орындық перзентхана. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қоры қаржыландырады. Орталық 3,3 гектар аумақта орналасқан. Ғимарат екі қабатты. Бүгінде іргетасы құйылып, қайта топырақпен көму жұмыстары жүріп жатыр. Екінші нысан – оңалту орталығы. Орталық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін айтты. Мердігерлерге өңірде шығарылған материалдарды қолдануды тапсырды.