Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ресейлік банктердің бірі Сбербанк қалыпты режимде. Осыған дейін ресейлік банктердің көбіне санкция салынған болатын. Алайда қазақстандық Сбербанктің мәлімдемесі әзірше жақсы. Ал қаржы ұйымының хабарламасына сүйенсек, еліміздегі барлық банк жүйелі түрде, штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр екен. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді болып отыр.