Қазақстанның мемлекеттік қарызы 32 трлн теңгеге жетіп қалған. Мәжіліс депутаттары еліміздің мемлекеттік борышы өсіп бара жатқанына алаңдап отыр. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Татьяна Савельеваның айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік қарызды басқаруда жүйелі проблемалар байқалады. Он жыл ішінде Үкіметтің қарызы 3,5 есе өскен. Алайда Үкімет мемлекеттік қарыз жоғары деңгейде емес, бәрі басқарылады деп сендіріп отыр.