Түркістанда құрғақ көкөніс өндіретін зауыт салынбақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайлық компания басшысы Ли Яньтаомен кездесуінде белгілі болды. Тараптар Түркістан облысында индустриалды парк салу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша ынтымақты талқылады. Зауыт жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіруге қауқарлы. Инвестиция көлемі 90 млн доллар. 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Келешекте өндіріс Жетісу мен солтүстік өңірлерде кеңейтіліп, ондағы өнім АҚШ пен Еуропаға экспортталмақ.