Түркістан
EN

Voice of Turan байқауына қатысушылар келді

189
17.06.2025

 Түркістан тағы да өнер мен мәдениеттің ордасына айналмақ. «Voice of Turan – 2025» халықаралық вокалдық байқауына әлемнің 17 елінен қатысушылар келді.  Фестиваль аясында қазақтың халық әндері шырқалып, ұлттық өнер жер-жаһанға насихатталмақ. Бүгін рухани шаһарға табан тіреген қатысушылар 19–21 маусым күндері үш күн қатарынан Керуен сарай кешенінде ән шырқайды. Оларға отандық өнер майталмандары төрелік етеді. Шетелден келген әртістер өз елдерінде мұқият дайындалып, Түркістан төрінде бар шеберліктерін паш етуге ниетті.