Төлеби ауданында 2025 жылдың бес айында жалпы өнім 53,1 млдр теңгеге жеткен. Ал биылғы жылдың жартысына дейін ауданға 22,5 мың турист келіпті. Олардан өңір бюджетіне 681 миллион теңге пайда түскен. Жыл соңына дейін аймақта туризм әлеуетін арттыру мақсатында 12 туристік нысан іске қосылмақ. Жобаның жалпы құны - 4,2 млрд. теңге. Егер мақсат жүзеге асса, 151 адам жұмыспен қамтылмақ. Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аймақта атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне берген брифингте осылай мәлімдеді.