Аптап ыстық алқымнан алды

23
17.06.2025 20:10

Елімізде аптап ыстық басталды. Кей аймақтарда сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтеріліп, ауа температурасы рекордтық деңгейге жетуі ықтимал. Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, 3 күн ішінде Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында күндіз ауа температурасы +40…+44 градусқа дейін ысиды. Ал Абай, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында сынап бағанасы  +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.