Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті

21
17.06.2025 18:38

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға білім ордасының оқытушылары, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Ант беру рәсіміне дейін әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды, саптық, дене шынықтыру, практикалық оқ атуды орындады. Іс-шара барысында сарбаздар қару-жарақ пен қоян-қолтық ұрыстың техникасын көрсетті. Салтанатты шара соңында ата-аналар сарбаздардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымен танысты.