Жаңа оқу жылында елімізде тағы 200 мектеп салынады. Бұл білім ошақтары 300 мыңнан астам оқушыға шақталған. Оның ішінде 206 мың оқушыға арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Жаңа ғимараттардың жартысына жуығы ауылдарда болады. Оған қосымша елдімекендердегі 1000 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапхана, асхана, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Химия, физика, биология, робототехника бағыттары бойынша пәндік кабинеттер ашылады. Бұл шаралар үш ауысымда оқытатын мектептердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Қазір 1 ауысымда білім беретін 3000 мектеп бар.