Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 13 елді мекен ауыз сумен қамтылады

14
17.06.2025 18:36

Елімізде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 12-сі Түркістан облысының Келес ауданында. Өңірде 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі 13 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады. Қазір мердігер мекемелер анықталып, ұңғыма қазу мен құбырлар тарту жұмыстары басталып кетті. Жобалар аяқталған соң 13 мыңнан аса халық тұрақты түрде тіршілік нәрін тұтына алады. Мұндай жаңалыққа әсіресе судан тарыққан ауыл тұрғындары қуанып отыр.