Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді

12
17.06.2025 18:35

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қырғызстан Президентінің борты елорда әуежайына қонған. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2%-ға өсіп, 435,1 млн АҚШ долларына жетті. Айта кетсем, бүгін елордада «Орталық Азия — Қытай» ІІ саммиті өтеді. Оған өңірдегі 5 мемлекеттің басшылары мен Қытай Халық Республикасының төрағасы қатысады.