Бүгінде Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы аясында 2,7 миллиард доллар болатын 10 жоба іске асырылу сатысында. Сонымен қатар 4,1 миллиард доллар көлеміндегі 8 жоба әзірленіп жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия — Қытай: Энергетика» форумында айтылды. Басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда.