Түркістан
EN

«Өрмекші адам» қолға түсті

48
16.06.2025

Орал қаласында «суперқаhармандар» мінген автокөліктер кортежі тоқтатылды. Өрмекші адам, Бэтмен және басқа да қаһармандардың костюмдерін кигендер қауіпсіздік белбеуін тақпаған, сондай-ақ жол ережесін өрескел бұзған. Оларды тәртіп сақшылары тоқтатып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде, көліктердің техникалық ақауы бары және мемлекеттік нөмірлері талапқа сай емес екендігі анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.