Түркістан
EN

Қытай көшбасшысы елордаға келді

44
16.06.2025

Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келді. Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді. Мәртебелі мейманды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алып,  Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Ал Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді.