Еліміздің қауіпсіздік қалқаны саналатын Ұлттық ұлан әскерінің қорғаныс құралдары үнемі жауынгерлік әзірлікте болуы тиіс. Осыған орай, Түркістанда 5574 әскери бөлімінде техника мен қару-жарақтың жыл сайынғы жоспарлы тексерісі өткізілді. Ондағы мақсат- күнделікті қызмет пен жауынгерлік міндеттерді орындау барысында техникалық ақаулардың алдын алу.