Қарағандыда 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір-химия зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Shandong Energy Group басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесуде талқылады. Жалпы жоба іске асқанда, жылына 2 миллиард текше метр газ өндіріледі. Бұл бастама көмір-химия саласын дамытуға серпін бермек. Қазақстан Үкіметі Қытаймен экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде көмір химиясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін атап өтті. Ал аталмыш компания төрағасы серіктестікті нығайтып, болашағы зор салаларға инвестиция салуға мүдделі екенін білдірді.