Қарағандыда жасөспірім суға батып, қаза тапты. 2009 жылы туған ер бала суға шомылуға арналмаған жерге екі досымен барған. Қайғылы оқиға Таймырская көшесінің маңындағы карьерде тіркелді. Жасөспірімнің достары құтқару қызметіне дереу хабарласқанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Осы тұста төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қараусыз, жабдықталмаған және белгіленбеген орындарда шомылмауға шақырады.