Ел үшін еңбегі сіңген дәрігерлер марапатталды. Түркістан қаласында медицина мамандары күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға өңірдегі денсаулық сақтау саласының ардагерлері, үздік дәрігерлер мен мейірбикелер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Ең үздік дәрігерлерді "Еңбек ардагері", "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Республикалық денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттады.