Түркістан
EN

Түркістан-Циндао бағыты: ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктері

59
16.06.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 20-дан аса қытайлық инвестормен келіссөз жүргізді. Аспан асты еліне жұмыс сапары аясында Қытайдың жетекші компания иелерімен кездесіп, ірі өндіріс орындарын аралады. Екі тарап көкөністі кептіру және терең өңдеу зауытын салу, жержаңғақ өңдейтін орталық ашу, бизнес-қонақүй мен туристік кешен салу жобаларын жан-жақты талқылады. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық бейінін әртараптандыруға, экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Айта кетейік, Қытай тарапы Түркістан облысының әлеуетін жоғары бағалап отыр.