Қызылордада сантехника шығаратын зауыт үшін 70 млн еуро тартылатын болды

29
12.06.2025 20:04

Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында жылына 500 мың бұйым шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Испанияның жетекші сантехникалық өнімдер өндірушісі «Roca Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесуде талқылады. Жалпы зауыттың өнімдері ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне экспорттауға бағытталады. Бүгінде компания  саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Оның 78 зауыты, 20 мыңнан астам қызметкері бар.