Түркістанда бизнес өкілдері билікке базынасын айтты

34
12.06.2025 20:03

Электр жоқ, газ жетпейді, құжат рәсімдеуде кедергі көп. Түркістанда өткен «Бизнес және инвестицияны қорғау» форумында кәсіпкерлер осылай деп дабыл қақты. Құзырлы органдардың қысымы мен шектен тыс тексеріс те бизнесті тұншықтырып тұр. Жүзге жуық кәсіпкер мен инвестор, сондай-ақ 40-тан аса мемлекеттік орган өкілі ашық диалог алаңында бас қосып, бизнес жолындағы бөгеттерді бүкпесіз айтты. Құқық қорғау органдары не дейді? Кәсіпкерлер талабына билік не уәде етті? Толығырақ Назым Қайратқызы жалғастырады.