Түркістан облысында агроиндустриялық кластер құрылады

42
12.06.2025 20:02

 Түркістан облысында агроиндустриялық кластер құрылады. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың Қытайға сапарында белгілі болды. Түркістандық делегация Көрші елге сапарын Шаньдун провинциясы Цзинин қаласында жалғастырды.  Ондағы сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы компания басшылығымен кездесті. Сарымсақ өсіру және өңдеу бағытында бірлескен жобалар жүзеге асыру мәселесін көтерді. Сапар аясында делегация өкілдері қытайлық аграрлық технопарктердің жұмысымен танысып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, логистика мен экспортқа шығару механизмдері бойынша тәжірибе алмасты.