Түркістан
EN

Ішкі істер министрлігі "мас" жүргізушілерге үндеу жасады

68
11.06.2025

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады. Себебі соңғы уақытта кейбір азаматтар көлікті алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқарғаны үшін салынған әкімшілік жазаны жоюды талап етуде. Министрлік бұл талаптарды орынсыз деп санайды. Себебі соңғы бес жылда мас жүргізушілердің кесірінен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. 460-тан астам адам қаза тауып, 3 300-ден астамы жарақат алған. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, жүргізуші куәлігін 7 жылға алып қою сияқты қатаң шаралар — кездейсоқ емес, қылмыстың алдын алу үшін қажет.