Түркістан
EN

Түркістан облысында шаруалар заңсыз субсидия алған

51
11.06.2025

Түркістан облысының прокуратурасында ауылшаруашылық саласына бөлінген субсидия қаражатының мақсатты игерілуіне қатысты мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиында тексеріс және талдау барысында әшкере болған бірқатар заңсыздықтар айтылды. Мәселен, шаруа қожалығында мүлдем тіркелмеген мал бастарына 638 млн теңге субсидия бөлу бойынша процестік шешім қабылданғаны белгілі болды. Сондай-ақ,  субсидиялау  талаптарын сақтамау салдарынан 487 млн теңге мемлекет қаржысын заңсыз игерілу фактілері де анықталды. Мәжіліс қорытындысымен құқық қорғау, жергілікті атуқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.