Ақтөбеде қаржы пирамидасының заңсыз қызметі әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Анықталғандай, қаржы пирамидасын құрғандар өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокат өндіретін ірі компания ретінде таныстырған. «Сенімді» компаниямыз деп азаматтарға жоғары табыс уәде еткен. Жаңа адамдарды тартса, қосымша бонус уәде еткен. Алайда, іс жүзінде электр самокат сатумен айналыспаған. Осы пирамидаға алданған 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салғаны анықталып отыр.