Түркістан
EN

15 мыңнан астам қылмыскер рақымшылыққа ілігуі мүмкін

61
11.06.2025

Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Оның ішінде 4100 адам түзеу мекемесінен бостандыққа шығады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады. Жалпы, бұған дейін елімізде сотталғандарға 9 рет рақымшылық жасалған. Ал бұл ел тарихындағы ең ауқымды рақымшылық акциясы. Оған қоғамға қауіпті емес, аса ауыр емес қылмыс жасағандар ілінеді. Оның ішіне кәмелетке толмаған баласы бар аналар мен жүкті әйелдер де кіреді. Бірақ сыбайлас жемқорлықпен сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.