Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді

45
11.06.2025

Бүгін Елордаға Словакия Республикасының Премьер-Министрі Роберт Фицо келді. Ресми сапармен келген мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Кездесудегі басты мақсат- екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық және достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту. Айта кетейік, қос елді дипломатиялық қатынастар мен ірі сауда жобалары байланыстырады. Бүгінгі келіссөзде ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.