Астанада Ұлттық ұланының қызметтік-жауынгерлік әрекеттеріне арналған көркем мурал көпшілікке таныстырылды. Қала қасбетінде орналасқан бұл туынды ел қауіпсіздігі жолында қызмет ететін сарбаздардың ерлігі мен батылдығын бейнелейді. Муралдың ашылу салтанатында ерекше қырағылық танытқан сарбаздар — Даниял Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлы марапатталып, олардың әрекеттері үлгі ретінде көрсетілді. Еске салайық, Даниял Сәрсенғалиев таяуда эпилепсиялық ұстамасы бар қызға жедел медициналық көмек көрсеткен болатын. Ал Нұржан Жұмабекұлы "Шарын" базарындағы өртті байқаған бойда тиісті қызметтерге уақытылы баяндаған. Оқиға орнына қосымша күш шақырып, қауіп аймағына дереу қоршау ұйымдастырған.