Баспана бағасы: елімізде екінші нарықтағы тұрғын үй арзандады

14
11.06.2025 12:12

Елімізде екінші нарықтағы тұрғын үйлер арзандады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пәтерлердің құны 0,3 пайызға төмендеген. Ал баспаналарды жалға алу бір айда 1,4 пайызға түсіпті. Ал су жаңа баспаналар керісінше қымбаттап барады. Кейбір өңірлерде шарты метрі 521 мың 600 теңгеге жеткен.  Сондай-ақ пәтерлерді жалға алу құны да өсіпті. Бүгінде бір шаршы метр үшін төленетін орташа баға 4,5 мың теңге болып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға жоғары. Бұл ретте Ақтөбе қаласы көш бастап тұр. Екінші орынға Семей, кейін Көкшетау, Астана, Шымкент орналасқан. Ал оңтүстік астанада 2,2 пайыз өсім байқалады