Енді Түркістан облысында капсула үйлер бой көтереді. Себебі өңірде туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастайды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров дәл осы үйлерді шығаратын зауыттың жұмыс барысымен танысты. Еске сала кетейік, былтыр түркістандық делегация қытайлық инвесторлармен келісіп, оннан аса модульдік үйге тапсырыс берген еді. Қазіргі уақытта бұл зауыт «KHAN TAU» брендімен капсула үйлер шығаруда.