Түркістан
EN

Қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

61
11.06.2025

Ақмола облысында бірқатар медициналық мекемелер қолданысқа берілді. Нақтырақ айтсақ, Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория, ал Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Барлығы елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның аумағы 450 шаршы метр, 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетуге қауқарлы. Үкімет өңірде 10 денсаулық сақтау нысанын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,7 млрд теңге бөліп отыр.