Түркістан
EN

Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты

38
11.06.2025

Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты. Премьер-министр форумның пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде инвестиция тарту экономиканы дамытудың негізгі факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар Үкімет басшысы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, энергетика мен логистикадағы өңірлік әріптестікті тереңдету, цифрландыру мәселелеріне назар аударды. Форум аясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Айта кетейік, биылғы төрт айда екіжақты тауар айналымы 9,5% артып, 1,3 млрд долларды құрады. Ал экспорт көлемі 15,9% өсіп, 1 млрд долларға жетті.