Түркістан
EN

Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді

56
10.06.2025

Биыл елімізде 170 мыңнан астам студент колледж тәмамдайды. Оның  123 мыңы – жұмысшы мамандықтарында, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Қазірде бітірушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші 81%. Айта кетейік, биыл 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік гранттардың 70%-ы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады. Бүгінде еліміздегі  колледждер металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сынды экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлауда.